Комитет төрағасы АҚШ-тың «love Your Neighbor Community» ҮЕҰ-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
13-15 шілде аралығында Вашингтон қаласында өткен Діни бостандықтың халықаралық саммитіне Қазақстан тарапынан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов қатысты. Шараны АҚШ-тың халықаралық діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі комиссиясы ұйымдастырды.
Саммит барысында Е.Нүкежанов Қазақстан елдегі конфессияаралық келісімді қолдауға және дінарлардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы салада АҚШ-пен әріптестікті дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық діни бостандық жөніндегі ерекше тапсырмалар бойынша бұрынғы елшісі Сэм Браунбекпен және «Лантос» адам құқықтары мен әділеттілік қорының президенті Катрина Лантос Свитпен кездесулер өткізді. Ержан Нүкежанов АҚШ Мемлекеттік департаменттің халықаралық діни бостандық басқармасының директоры Дэниэл Наделмен және АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Нури Тюркельмен келіссөздер жүргізді.
Саммиттен кейін Дін істері комитеті мен АҚШ-тың «love Your Neighbor Community» үкіметтік емес ұйымы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум діни бірлестіктер өкілдері мен мемлекет арасында діни бостандықтарды іске асыру және адамның негізгі құқықтарын сақтау мәселелерінде диалогты жетілдіруге мүмкіндік береді.