Салық бойынша қарыздарды төлеуге санаулы күн қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаржы министрлігінің өкілдері жыл соңына дейін салық бойынша берешектерді төлеу қажет екенін ескертеді

Салықтық рақымшылық шеңберінде бюджетке негізгі борышты төлеген жеке тұлғалар бойынша 601 313 өсімпұл есептен шығарылды, олар ағымдағы жылдың басынан бастап 13,517 миллиард теңге мөлшеріндегі сомасын төлеп, 2,482 миллиард теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Өңірлер тұрғысынан өсімпұлы ең көп Алматы қаласы - 99 021 ЖТ, Түркістан облысы - 71 163 ЖТ, Шымкент қаласы - 47 867 ЖТ және Нұр-Сұлтан қаласы 46 194 ЖТ. Ең аз жеке тұлғалардың Атырау облысы - 16 413, Қызылорда облысы - 15 823 және ШҚО - 13 439 ЖТ.

Өсімақының ең көп сомасы Алматы қаласы бойынша - 1041,2 миллион теңге, Павлодар облысы бойынша - 179,9 миллион теңге, Нұр-Сүлтан қаласы 168,7 миллионтг Алматы облысы бойынша - 151,7 миллион теңге есептен шығарылды. Ең аз өсім сомасы Ақтөбе облысы бойынша - 45,4 миллион теңге, Жамбыл облысы бойынша - 38,7 миллион, Қостанай облысы - 39,3 миллион теңге, ШҚО - 36,7 миллион теңге есептелінді. Мемлекеттік кіріс органдарының БАҚ үлгі-насихат жұмыстары, өңірлерде және де орталық деңгейде «салықтық рақымшылық» акциясы бойынша семинарлар жалғасады.

Айта кетейік, 01.01.2019 жылғы жағдай бойынша берешегі бар және берешектің негізгі сомасын өтеу шартымен өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияны пайдалану мүмкіндігі бар жеке тұлғалардың саны 13,9 миллиард теңгеге және негізгі борыш бойынша берешек сомасы 6,3 миллиард теңгеге өсім сомасы бар шамамен 1,4 миллион адамды құрады, барлығы 20,2 миллиард теңге болды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін салық бойынша берешектерді төлеу қажет. Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігін мына сілтеме бойынша біле алады
 

Дереккөз: Тengrinews.kz