Белгілі кәсіпкерлер мен компаниялар Халық қайырымдылық қорының «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын қолдады

Автор: Azattyq Rýhy

Акция аясында 20 мың отбасыға көмек көрсетіледі

1 шілдеден бастап «Халық» Қайырымдылық қорының «Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясы жалғасын алды. Азық-түлік себеттері еліміздің барлық аймақтарында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балалардың отбасына жеткізіледі.

«Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясын еліміздің танымал меценаттары: Қайрат Боранбаев – «Алмалы» холдингі, Диас Сулейменов, Кеңес Рақышев, «АЯЛА» Қайырымдылық қоры, «Eurasian Resourses Group» холдингі және «Казахмыс» корпорациясы қолдады. Қайырымдылық акция серіктестерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында 6 мыңға жуық азық-түлік себеттері жасалды.

Жалпы, акция аясында 20 000 отбасына қолдау көрсетіледі: жалпы сомасы 500 миллион теңгеге 1 млн кг-нан астам азық-түлік таратылады. Себеттерге ең қажетті өнімдер: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер кірді. Әр отбасыға 50 килограммнан азық-түлік қарастырылған. Азық-түлік себеттерін мұқтаж отбасыларға еріктілер таратады.

«Біз Сізге шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз және мейірімді жүрегіңіз үшін рахмет айтамыз! Сіздердің үн қосқаныңыздың арқасында мұқтаж отбасылар қажетті азық-түлік көмегін ала алады. Осылай біздің отандастарымыздың өмірін жақсы жаққа өзгерту мақсатында әрі қарай бірлесе жұмыс істей берейік» - деп хабарланды «Халық» қоры Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы Динара Кулибаеваның жолдамасында.

«Халық» қоры «Ел тірегі - ЕЛБАСЫ» акциясын биыл жыл соңына дейін рет өткізуді жоспарлап отыр. Кез-келген адам қайырымдылық жобасының қатысушысы бола алады.

«Біз бизнес өкілдері мен немқұрайлы емес қазақстандықтарды күш біріктіруге және Қор акциясына қосылуға шақырамыз. Сіздің қатысуыңыз бен ынтымақтастығыңыз ең мұқтаж отандастарымызға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - делінген аталған хабарламада.