Жыл басынан бері 9 мыңға жуық қандас елге оралған

Автор: Azattyq Rýhy

1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған

2021 жылдың алғашқы алты айында 8 867 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл Қазақстанға келген қандастардың төрттен үші (75,5%) Өзбекстаннан, 10,4%-ы Қытайдан, 7%-ы Түркіменстаннан, 2,5%-ы Моңғолиядан және 4,5%-ы басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Түркістан (14,5%), Маңғыстау (18,7%) және Жамбыл (8,0%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент қаласына (10,7%) қоныстанды.

Бұл қандастардың 19,2 пайызы зейнеткер болса, еңбекке қабілетті жасқа жетпегендері – 25,3%. Қалғаны түгел еңбек ететін жаста.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 10,9% білімі жоғары, 39,3% - орта кәсіби, 45,9% - жалпы орта білімі бар және 3,9% - білімі жоқ.

Айта кетейік, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 79,2 мың этникалық қазақ оралған.