Екібастұзда науқасқа немқұрайлы қараған екі медицина қызметкері жазаланды
Аға медбике қызметінен шеттетіліп, санитар жұмыстан шығарылды
Екібастұзда науқасқа немқұрайлы қараған қалалық аурухананың екі медицина қызметкері жазаланды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Екібастұздың 85 жастағы тұрғынының туыстары қалалық аурухана дәрігерлерінің немқұрайлылығына шағымданды. Бұл туралы олар әлеуметтік желілерде жариялады.
Егде жастағы әйел пневмонияға күдіктенген. Рентген және тест нәтижелері диагнозды растады. Зейнеткер емделіп, стационардан шығарылды.
"Оны ауруханадан шығарып, кірпішке отырғызып, кетіп қалды. Бір әйел өтіп бара жатып, әжені таксиге отырғызып, үйге жіберген. Неге туған-туыстарына қоңырау шалмадыңыз? Балаларының нөмірін білдіңдер ғой", - дейді зейнеткердің туыстары.
Екібастұз қалалық ауруханасында қызметтік тексеру жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша бөлімнің аға медбикесін қызметінен алып тастау және санитарды жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды.