ШұғылҚазақстанда бір тәулікте коронавирусты 7 мыңға жуық адамның жұқтырғаны анықталды

Іле-Балқаш резерватында Қызыл кітапқа енген бұғының саны едәуір өсті – Экология министрлігі

Бұл жануардың әлемде небәрі 3500 басы сақталып қалған

Іле-Балқаш резерватында Қызыл кітапқа енген бұқар бұғылары жіберілмек. Бұл жолы 60-тан астам жануарды жіберу жоспарланып отыр. Бұл жабайы табиғатқа бұғыларды жіберу жұмыстарының ең ауқымды кезеңі.

Ең алғашқы енгізілім 2019 жылы резерват аумағына 5 бұқар бұғысы қоныстанған кезде жүзеге асқан болатын. 2020 жылы оларға тағы 14 ересек бұғы мен 1 лағы қосылды.

«Экология министрлігі жабайы табиғат қорымен (WWF) бірге 61 бұғы енгізуді жоспарлап отыр және бұл бір жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шығару аймағында табиғатқа шыққан бұғыларды бақылау үшін фото тұзақтар қойылды. Бұғылардың популяциясын бақылауды күшейту үшін жалпы алғанда 9 спутниктік жағабау пайдаланылады», - деп хабарлады Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Леонид Сидоренко.

Мамандардың айтуынша, бұл технологиялар бүкіл әлемде қолданылады, олардың көмегімен бұғының қозғалысын бақылауға болады. Құрылғылар ауыртпалықсыз орнатылады және жануарларға ешқандай зиян келтірмейді.

Бұқара бұғысы Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында кең таралған. Алайда, өткен ғасырдың басында бұл түр жоғала бастады. Бірнеше онжылдық өткен соң, ол Қазақстанның табиғатынан мүлдем жоғалып кеткен болатын. Бүгінгі таңда Бұхара бұғысы бүкіл әлемде 3500 басты құрайды.

«Іле-Балқаш резерватында бұхар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру өте табысты өтуде. Біз бұғылардың бейімделгенін және бұғылардың сәтті төлдеуін көріп ортырмыз. Алдын-ала бағалау бойынша, қазіргі шығарылым мен туылған бұғыларды ескере отырып, табиғатта 100-ге жуық бұғы бар», - деді өз сөзінде WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц.

Тоғай немесе Бұқар бұғысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және Бұқар бұғыларын сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандуммен халықаралық деңгейде қорғалады. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының арқасында бұғы 100 жыл ішінде алғаш рет Оңтүстік Балқаш аймағында пайда болды.

Бұқар бұғыларының Балқаш ауданының жабайы табиғатына оралуы жолбарыс реинтродукциясы бағдарламасының маңызды кезеңі болып табылады, оны Ресейдің WWFжәне ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп жүзеге асырып келеді.

Іле-Балқаш резерватының аумағында жолбарыстың мекендейтін жеріне жарамды экожүйені қалпына келтіру жоспарланып отырғаны белгілі. Реинтродукциялау бағдарламасына сақталып қалған жабайы табиғатты қорғау және жолақты жыртқыш, сондай-ақ құлан, ақбөкен және қарақұйрық рационының негізі болып табылатын тұяқты жануарлар (тоғай бұғысы, елік, жабайы қабан) популяциясын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарланған.