ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Назарбаев Университетінің президенті тауда қайтыс болған студенттердің отбасына көңіл айтты

Шигео Катсу марқұмдардың қырық күндік асына арнайы барған

Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу киелі Түркістанға келіп, «Сайрам-Өгем» шатқалында қайтыс болған ағайынды студенттердің ата-анасымен кездесті. Олардың бірі осы университетте оқыған еді.

Еске салайық, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама құтқарушыларға 25 мамыр келіп түскен. Туристер 21 мамырда «Сары-Айғыр» шатқалына бет алып, содан оралмаған.

Жоғалған жеті адамның алтауы Назарбаев университетінің 4 курс студенті болған. Тағы бірі – ентау лицейінің түлегі.

Іздеу жұмыстары барысында жеті жігіттің үшеуі аман табылса, төртеуінің денесі судан табылды. Марқұмдарды іздеу жұмыстары бірнеше аптаға созылды.