Марқұм 75 жаста еді
Танымал режиссер, сценарист Сатыбалды Нарымбетов дүниеден өтті деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Қаралы хабарды Мәдениет және спорт министрлігі растады.
Режиссер 8 шілде таңертең қайтыс болған. Марқұм 75 жаста еді.
Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов 1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында туған, қазақстандық кинорежиссер, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері.
«Жас аккардеоншының өмірбаяны», «Омпа, «Созақтан шыққан Гамлет», «Зауал, «Құрманғазы», «Көзімнің қарасы» сынды бірнеше киноға режиссерлік еткен.
«Тентек», «Ассалаумағалейкум, Атлантида» кітаптарының авторы.