$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.07.2021, 11:30
Қоғам

Алматыда жарты млн адам екпе алды. Бірақ коронавирус жұқтырушылар саны қарқынды өсіп жатыр

58 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда жарты млн адам екпе алды. Бірақ коронавирус жұқтырушылар саны қарқынды өсіп жатыр
Sputnik Казахстан

Алматыда вакцина алушылар саны 2 шілдеде 472 мың адамға жетті. Өткен бір тәулікте 10 мың 800 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырған. Вакцина алғандар арасында 60 жастан асқан қарт кісілер үлесі 81 мың адам болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, шаһарда күніне 10-12 мың адам вакцина салдырады. Соған қарамастан Алматы коронавирусты жұқтыру көрсеткіші бойынша алдыңғы орындардың бірінде келеді. Соңғы үш тәуліктегі өсім динамикасы өте қарқынды. Қалада 30 маусымда инфекцияны жаңадан жұқтырғандар саны  253 адам болса, 1 шілдеде  305 адам анықталды. Ал бүгін 353 жаңа жағдай тіркелді. Орташа есеппен алғанда тәулігіне 50 адамға артып келеді, деп көрсетілген хабарламада.

Инфекциялық стационарларда 1 730 төсек орын болса, онда 771 адам ем алып жатыр. Олардың 54-і балалар. 58 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы қаласы Санитарлық қадағалау басқармасы мамандары үнді штамын шаһарда қанша адамның жұқтырғаны туралы бүгін түстен кейін арнайы брифингте хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары