Қазақстан Республикасы «қызыл» аймақта
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
28 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары тұр.
«Жасыл» аймаққа: Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген.
Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр.