ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Биыл «Алтын белгіге» бітірген түлектер саны бойынша рекорд орнады

«Алтын белгі» иелерінің көбі қандай мамандық таңдағаны айтылды

Оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстанда 9 738 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. 2019 жылы төсбелгіні 7349 оқушы, 2020 жылы 8 615 оқушы иеленген.

Биыл «Алтын белгі» иегері атанған түлектердің басым бөлігі Түркістан (1 856), Алматы (1 432) және Шығыс Қазақстан (738) облыстарынан.

«9 738 үміткер қорытынды аттестаттау барысында білімін дәлелдеп, «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл түлектердің жалпы санының 6,2% құрайды. Мектеп оқушыларының саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты, жақсы көрсеткіштерге жеткендердің саны да өсіп жатыр. Тағы бір қуантарлық жәйт - «Алтын белгі» иегерлерінің көбі мұғалім мамандығын таңдап жатыр. Болашақта дәл осындай оқушыларымыз мұғалімдердің қатарын толықтырса, нұр үстіне нұр», — дейді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.

Биыл «Алтын белгіге» үміткерлердің емтихан жұмыстарын мектептер емес, білім басқармалары жанындағы комиссиялар қараған. Комиссия құрамына білікті әрі тәжірибелі пән мұғалімдері кіреді. Құрылған комиссияның шешімінен кейін ғана оқу озаттарының тізімі бекітілді. Бұл «Алтын белгі» тағайындау рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етіп, жемқорлық тәуекелдерін жояды.