Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова мектеп түлектерін ҰБТ-ға кіргізу кезінде 4 бөгде тұлға анықталғанын мәлімдеді.
4 талапкердің орнына тестілеуге елордалық екі жоғары оқу орнының 4 студенті қатыспақ болған. Ол үшін жалған құжаттар да жасалған. Олардың бөтен тұлға екені жүйесі арқылы анықталған.
«Face-ID бағдарламасы тіпті егіздерді де анықтайды. Тестілеуге өз орнына бөгде адамды кіргізбек болғандардың арасында «Алтын белгі« иегері да бар», - деді ол.
Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.