Тәуелсіздік монументіне тағзым ету рәсіміне Алматы әкімі мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар, қала тұрғындары қатысты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тағзым ету рәсімі үрлемелі аспаптардың әскери ансамблінің музыкалық сүйемелдеуімен өтті.
Шараға қала басшылығы, Ардагерлер кеңесі, саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктер басшылары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар, жастар ұйымдарының мүшелері, қала тұрғындары қатысты.
Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері салтанатты маршпен жүріп өтті.