Қаулыға сәйкес, Қазақстанға келген және соңғы 14 күн ішінде Үндістанға барып келген адамдарды 14 күнге үйде оқшаулауланады. Тіпті, оларда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса да үй карантиніне жатқызылады.
Қазақстанға шетелден әуе арейстерімен келетін адамдарға қатысты:
- Оларды ертіп жүретін адамдарда Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде нәтижесін алған күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттің теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды;
- ҚР үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын;
- құжаттамалық растауды ұсынған жағдайда ҚР-да COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған азаматтарды қоспағанда, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде барлық келетін адамдар анықтама (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) ұсынуға міндетті;
Ал, халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды.