Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжатта Ashyq жобасының қолданыс аясын кеңейту қарастырылған. Сондай-ақ, аталған жоба 7 маусымнан бастап Ақтау мен Қостанай әуежайларында іске қосылады.
Бас санитар дәрігер кәсіпкерлік насындарының барлығын дерлік Ashyq жобасымен жұмыс істеуге міндеттеп отыр. Атап айтқанда:
- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
- спа-орталықтары;
- сауналар, бассейндер;
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
- боулинг клубтары;
- кинотеатрлар;
- театрлар мен филармониялар;
- асхана типіндегі объектілерді, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
- облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
- бильярд клубтары;
- концерт залдары;
- ерікті қатысушылар;
- караоке;
- көрмелер;
- океанариум;
- марафондар;
- көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
- Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларының әуежайлары;
- (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
- лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар;
- балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары;
- цирктер;
- отельдер, қонақ үйлер.
Құжат қол қойған күннен бастап күшіне енеді.