Бөлім басшысы жемқорлық күдігіне ілінген
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісов өз-өзіне қол жұмсады. Оқиға 2 маусымда болған.
Tobolinfo-ның хабарлауынша, марқұмның өзіне қол салуына - оған қатысты сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жүргізілген тергеу себеп болған. Марқұм соңғы екі аптадан бері үйқамақта отырған.
Қалыбек Жүгінісовке зейнетке жығу үшін небәрі үш жыл қалған. Үйленген, үш баласы бар.
Қостанай облыстық білім басқармасындағылар Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Байжанұлы Жүгінісовтің өзіне қол салғаны туралы ақпаратты растады. Сондай-ақ басқармаға құқық қорғау органдарынан Қалыбек Байжанұлына қатысты жемқорлық фактісі бойынша жүргізілген соталды тергеу туралы ресми ақпарат түспегенін айтты.