КВИ және коронавирус пневмониясынан 22 қазақстандық көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда 26 393 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

30 мамырда коронавирус пен КВИ пневмониясынан болған 22 өлім жағдайы тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, өлім жағдайы Алматы (7), Нұр-Сұлтан (3), Шымкент қалаларында (4), Ақмола облысы (3), Атырау облысы (1), БҚО (1), Қарағанды облысы (2) және Қызылорда облысында (1) тіркелді.

1 маусымдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 26 393 адам коронавирус инфекциясынан (25 872 КВИ+ және 521 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 984 пациент стационарда, 16 409 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 629 адамның жағдайы ауыр,
  • 148 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.