Жылыой азаматтары үш ұсынысын айтты
30 мамырда «Атырау-Ақтау» трассасының бойында, яғни Құлсары қаласына жақын маңда ауыр және жеңіл жүк көлік иелері қатысқан наразы топ автокөлік жолдарына енгізуге жоспарлаған төлемақының жоғары болуына байланысты жиналып, келіспейтінін білдірді. Бұл туралы azh.kz хабарлайды.
«Өзіміздің есебіміз бойынша 1 шақырымға 37 теңге екен. Есептеп көріңіз, Алматыға дейін 100 мың теңгеден ақы төлеуіміз керек екен. Бұл бір бағыттағы ғана баға. Онда ол жұмысты істеудің маңызы жоқ. Жолдардың сапасы сын көтермейді, жол жиегіндегі инфрақұрылым дамымаған. «Атырау-Құлсары» жолы істен шыққан. Сонда не үшін төлеуіміз керек?», - деді жиналғандар
Кездесуге келген Жылыой ауданы әкімі Халел Жамалов жиналғандарды сабырға шақыруға тырысты. Оның айтуынша, жолдардың қашаннан бастап ақылы болатыны нақты шешілмеген.
Осы жағдайдан кейін әкімдікте қабылдауда болған 5 жылыойлық азамат мынадай ұсыныстар жолдады: