Қазақстанда қанша өңір «қызыл» аймақта тұрғаны жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

27 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

Коллаж

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

31 мамырдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта төрт өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

31 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 27 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 10 908 пациент стационарда, 16 272 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.