«Қызыл» аймақта тұрған бес өңір бар
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
27 мамырдағы мәлімет бойынша, «қызыл» аймаққа енген бес өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 30 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың 11 724-і стационарда, 19 148-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирус пен КВИ пневмониясына шалдыққандардың арасында: