Кеше «сары» аймақта тұрған Алматы және Маңғыстау облыстары бүгін «жасыл» аймаққа өтті
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
24 мамырдағы жағдай бойынша, кеше «жасыл» аймақта тұрған Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары» аймаққа өтті.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары. Айта кетейік, кеше «сары» аймақта тұрған Алматы және Маңғыстау облыстары бүгін «жасыл» аймаққа өтті.