Коронавирус: Қазақстан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
19 мамырдағы мәлімет бойынша, Шымкентте эпидемиологиялық ахуал қайта нашарлап, қала «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа қайта ауысты.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстары тұр.
«Сары» аймақта: Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары.
Жалпы Қазақстан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді.