Түркістан облысында судьяның парамен ұсталған видеосы тарады (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Судьяның полиция қызметкерлерінен жүйелі түрде пара алуға қатыстылығы тексеріліп жатыр 

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Сарыағаш аудандағы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясының парақорлық фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 11 желтоқсанда қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынды.

«Тергеу шеңберінде, судьяның шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы әкімшілік материалдарды кедергісіз қарастырғаны үшін Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлерінен жүйелі түрде пара алуға қатыстылығы тексерілуде», - делінген хабарламада.

Күдікті кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.