Алексей Цой эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келе жатқанын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы екі аптада вирус жұқтыру көрсеткіші 20%-ке төмендеді

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып, соңғы екі аптада Қазақстанда вирус жұқтыру көрсеткіші 20%-ке төмендегенін жеткізді.

«Вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды», - деді министр.

Министрдің айтуынша, алты өңір «қызыл» аймақта тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары.

«Сары» аймақта бес өңір: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.

Қалған алты өңір «жасыл» аймақта тұр.