«Жасыл» аймақтағы өңірлердің қатары жетеуге жетті
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
17 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған 7 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.