$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2021, 15:52
Қоғам

Еуропаның бірқатар елінде халық қалыпты өмірге орала бастады

Ұлыбритания, Ирландия, Италия, Дания мемлекеттерінде карантин талаптары жеңілдетіле бастады

Еуропаның бірқатар елінде халық қалыпты өмірге орала бастады
көрнекі фото: reuters

Ұлыбритания біртіндеп қалыпты өмірге орала бастады. Мұнда 17 мамырдан бастап пабтар, барлар мен мейрамханалар клиенттерге тек террассаларда ғана емес, сонымен қатар үй-жайлардың ішінде де келушілерді қабылдай алады. Ашық ауада 30 адамға дейін топ болып жиналуға рұқсат етіледі. Кинотеатрлар жұмысын қайта бастайды.⠀

Ирландия билігінің жоспары бойынша республиканың мыңдаған азаматтары ұзақ мерзімдік оқшауланудан кейін жұмыс орнына оралады. Дүкендер, мәдени мекемелер, мұражайлар кезең-кезеңімен ашылады. Билік бұл жеңілдіктер халыққа жаңа серпін береді деп үміттенеді.⠀

Италияның барлық өңірі инфекцияны жұқтыру қаупі төмен «сары» аймақта орналасқан. Елдің бірқатар өңірлерінде шектеулер жеңілдетілді. Ал Сицилия, Сардиния және Валле-д'Аоста тұрғындары үшін қатаң карантин режимі әлі бір аптадай сақталады.

Даниялықтар жаппай тестілеу пунктерінде коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тексеріліп жатыр. Билік таңдаған стратегияға сәйкес бұл процесс карантин талаптарын жеңілдетумен қатар жүргізіледі.  Теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеу және екпе алғандығы туралы сертификаттың болуы жергілікті мейрамханаларға, спорт залдарына, кионтеатрлар мен жұмысына баруға рұқсат етілген өзге де  мекемелерге еш кедергісіз кіруге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары