«Қызыл» аймаққа енген өңірлердің саны 10-ға жетті
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
26 сәуірдегі бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары тұр.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, облыстары орналасқан.
«Жасыл аймаққа: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.