$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.04.2021, 17:16
Қоғам

Елімізде ең жиі пара алатындар әкімдік пен полицияда – Антикор

Жыл басынан бері кедендік бақылау органдарының 85 қызметкері жемқорлықпен ұсталған

Елімізде ең жиі пара алатындар әкімдік пен полицияда – Антикор
Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жемқорлық жиі тіркелетін мемлекеттік органдарды атады. Журналистермен болған брифингте Стратегия және шұғыл басқару департаментінің директоры Нұрлан Жақсымбетов жемқорлық негізінде жасалатын ауыр қылмыстың саны артқанын айтып отыр.

«2021 жылдың бірінші тоқсанында Жемқорлыққа қарсы қызмет 452 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеді. Оның 76 пайызы, яғни төрттен үші жемқорлық. Аса ауыр қылмыс деректерінің саны бір жарым есеге артқан», - деді Н.Жақсымбетов.

Оның айтуынша, тіркелген қылмыстың көбі пара алу мен бюджет қаражатын жымқыру.

«Жыл басынан бері жемқорлық қылмысы бойынша 412 адам ұсталды. Олардың 42-сі республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар.

Жемқорлыққа ең көп баратындар – әкімдік қызметкерлер, полицейлер және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері.

Жыл басынан бері кедендік бақылау органдарының 85 қызметкері, білім беру саласының 32 маманы, денсаулық сақтау саласының 27 және құрылыс саласының 27 қызметкері жемқорлық қылмысы үшін ұсталды», - деді Департамент директоры.

Серіктес жаңалықтары