$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2021, 16:56
Қоғам

ШҚО тұрғыны ХІХ ғасырда жасалған қаруды полицияға тапсырды

Мылтық әлі де атуға жарамды, қаруды өткізген тұрғынға 60 мың теңге төленеді

ШҚО тұрғыны ХІХ ғасырда жасалған қаруды полицияға тапсырды
фото: ШҚО полиция департаменті

Риддер қаласының 62 жастағы тұрғыны ХІХ ғасырда жасалған қаруын полицияға тапсырды. Сот-баллистикалық сараптама нәтижеі бойынша, аталған қару Тула қару-жарақ зауытында шығарылған 13 калибрлі шебер Н.Кураковтың 1889 жылғы үлгідегі тегіс ұңғылы, қос ұңғылы, сүмбіл, шүріппелі, аңшылық мылтығы, яғни атыс қаруы. Аталған мылтық екі ұңғыдан да атуға жарамды.

Риддер тұрғынының айтуынша, ол мылтықты марқұм анасының қоймасындағы қажет емес заттарды тастау үшін ескі заттарды реттеп жүрген кезінде тапқан тауып алған.

Арада бір ғасырдан аса уақыт өткеніне қарамастан, мылтықтың дизайні өзгеріссіз қалған және атуға жарамды.

«Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы қала тұрғынына қару үшін 60 000 теңгеден астам қаражат төлейтін болады. Осылайша, екі күн ішінде тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясын өткізу барысында облыс бойынша халықтан 5 млн теңгеден астам сомаға 79 бірлік қару (ойық – 11, тегіс ұңғылы - 68) қабылданды, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Еске салайық, Ішкі істер министрлігі 20 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған қау-жарақтарды сатып алу бойынша акцияны бастады. Акцияны өткізуге республикалық бюджеттен 95 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Серіктес жаңалықтары