Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Зерттеу нәтижесі кейін жарияланады

көрнекі фото: vlast.kz

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары с Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырудың 800-ге жуық жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.

«Эпидемиологтар мен арнайы мамандар консилиум өткізіп, әрбір жағдайды жеке зерделейді. Бұл жұмыстың қорытындысын хабарлаймыз», - деді Зәуре Ахметова ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске сала кетейік, 19 сәуірде танымал әнші Толқын Забирова коронавирусты екінші рет жұқтырып алғанын айтты.