Алматыда құрлысы бітпеген ғимараттан табылған жаңа туған сәбидің анасын анықтау шаралары жүріп жатыр
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Azattyq Rýhy тілшісі Сайран көлінің жағасында қараусыз қалған ғимараттың иесін анықтауға тырысты. Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілі Дархан Аққубаев қаңқасы ғана салынған ғимраттың иесінің есімін атады. Иесіз қалып, қылмыстың мекеніне айналған құрлыс нысаны Махаббат Буданбаев деген азаматқа тиеселі. Ол 2008 жылы үш қабатты ғимаратты салуды бастағанымен қаржының жоқтығына байланысты тастап кеткен. Он бір жылдан бері қаңырап тұрған аумақта өзге де қылмыстар жасалуы мүмкін. Сәулетшілер қараусыз қалған аумақтың нақты иесін тауып, айыппұл салу мәселесін қарастырмақ.
Ришат Асқарбек, Алматы