Алматыда 49 жастағы әйел мен оның үш баласы 20 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген

Автор: Azattyq Rýhy

Ол КСРО кезінде алған паспортын жоғалтып алған

49 жастағы алматылық әйел және оның үш баласы алғаш рет Қазақстан азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарды алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ольга Денисованың 1974 жылғы үлгідегі (КСРО) паспортын 20 жыл бұрын жоғалтқаны, содан бері құжатсыз өмір сүргені анықталды. Қиын жағдайды шешу үшін әйел Мемлекет басшысына жүгінді.

«Денисова Ольга Сергеевна, 1972 жылы туған, 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүрген. Құжаттардың болмауына байланысты және қиын қаржылық жағдайды ескере отырып, О.С.Денисованың – 1996 жылғы, 1999 жылғы және 2002 жылы туған үш баласының жеке басын куәландыратын ешқандай құжаттары болған жоқ. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсімдер орындалғаннан кейін, біздің бөлімнің қорытындысымен О.С.Денисова азаматша және оның балалары 20.12.1991 жылғы No1017-X11 «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары деп танылды. Сәйкесінше, оларға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктері берілді», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.