ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған өңірлердің құрамы жарияланды

«Қызыл» аймақта 7 өңір, «сары» аймақта 8 өңір тұр

Коллаж

Ведомствоаралық комиссия 19 сәуірдегі ахуал бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

Бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта жеті өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары» аймақта Алматы, Ақмола, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта: Қостанай, Түркістан облыстары.

Еске сала кетейік, 15 сәуірдегі Көліктегі Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жанар Оразалина қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, індеттің таралу тәуекелі жоғары «қызыл» аймақтағы әуежай ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізу шектелетін болды. Мұндай шектеу теміржол вокзалдарында да қолданылады.