32 жастағы Түркістан облысының тұрғыны ұсталды
Т. Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылындағы мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіт терезесін сындырып, ішке кіріп, садақа жәшігінен жиналған ақшаны ұрлап кеткені жайлы айтты.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру барысында 32 жастағы Түркістан облысының тұрғыны анықтап, ұстады. Ол өз кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстң 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.