Вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды - ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Ведомство өкілдері иммунитет қай сәттен бастап қалыптасатынын айтты

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Инфекцияға қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазір вакцинациядан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 жағдай тіркелді. Вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырудың ең ұзақ мерзімі екінші компонентін салдырғаннан кейінгі төртінші аптада тіркелген», - деді ведомство өкілі.

Ведомство өкілі коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап алты аптадан кейін қалыптасатынын айтты.