Бұл шектеу күтіп алушылар мен шығарып салушыларға қатысты
Көліктегі Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жанар Оразалина қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Қаулыға сәйкес, індеттің таралу тәуекелі жоғары «қызыл» аймақтағы әуежай ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуді шектеледі. Мұндай шектеу теміржол вокзалдарында да қолданылады.
«Қызыл» аймақтағы теміржол вокзалдары ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуді шектеуді қамтамасыз етілсін», - делінген қаулыда.
Сондай-ақ ШҚО мен СҚО-дағы ішкі әуе және теміржол қатынастарында шектеу шараларын күшейту туралы қаулының күші жойылды. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.