Мальдивтен келген Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 11 сәуірде Мале қаласынан ұшып келген

көрнекі сурет

12 сәуірде Қазақстан аумағына Сауд Арабиясы, Мальдив, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Армения, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 34 халықаралық әуе рейсімен 3 682 жолаушы келді. Олардың ішінде 3 661 жолаушыда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, қалған 21 ҚР азаматында тиісті құжат болмаған.

  • Алматы әуежайына – 13 рейс (1623 жолаушы, анықтамамен - 1610, анықтамасыз - 13);
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс (848 жолаушы, анықтамамен - 843, анықтамасыз - 5);
  • Қостанай әуежайына – 5 рейс (21 жолаушы анықтамамен келген);
  • Шымкент әуежайына – 4 рейс (569 жолаушы анықтамамен келген);
  • Ақтау әуежайына – 3 рейс (326 жолаушы анықтамамен келген);
  • Жезқазған әуежайына – 2 рейс (10 жолаушы анықтамамен келген);
  • Орал әуежайына – 1 рейс (128 жолаушы анықтамамен келген);
  • Түркістан әуежайына – 1 рейс (157 жолаушы, анықтамамен - 154, анықтамасыз - 3).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 11 сәуірде шетелден анықтамасыз келген 10 ҚР азаматының бірінен коронавирус инфекциясы анықталды. Ол Мале қаласынан (Мальдив) Алматы әуежайына ұшып келген.