Қазақстанда «қызыл» аймақтағы өңірлердің құрамы өзгеріссіз қалды

Автор: Azattyq Rýhy

«Жасыл» аймақта небәрі екі өңір қалды

Коллаж

Ведомствоаралық комиссия 13 сәуірдегі ахуал бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

Бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстары ғана қалды.