Қай өңірде вакцинациялау қарқынды жүріп жатыр?

Автор: Azattyq Rýhy

12 сәуірге дейін Қазақстанда 350 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын салдырған

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

12 сәуірге дейін Қазақстанда коронавирус вакцинасын салдырған адамдар саны бойынша статистика жарияланды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында биыл қыркүйек айына дейін Қазақстанда 10 миллионға жуық адамды немесе қамтылуы тиіс контингенттің 100 пайызын вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланғанын айтты.

Министрдің айтуынша, ДСМ елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп отыр.

Сәуір айында Қазақстанға қосымша 1,4 миллион вакцина дозасы жеткізіледі. Бұл елдің 2 миллион азаматын вакциналауға мүмкіндік бермек. Қазір өңірлер бойынша вакцинациялау 916 екпе пунктінде жүргізіліп жатыр.

12 сәуірге дейін ҚР бойынша 350 мыңға жуық адам коронавирус вакцинасын салдырған: I компонент - 254 344, II компонент - 94 246.