Қазақстанда «сары» аймаққа енген өңірлердің қатары бесеуге жетті

Автор: Azattyq Rýhy

«Қызыл» аймақта 8 өңір орналасқан

Коллаж

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда «қызыл» аймаққа жеткен өңірлердің қатары сегізге жеткенін хабарлады.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 9 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда «қызыл» аймақта 8 өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан, Қарғанды, Ақмола облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары орналасқан.

Қалған төрт өңір - ШҚО, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстары «жасыл» аймақта. Қазақстан Республикасы әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан.