$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2021, 17:57
Қоғам

Егде жастағы азаматтар ораза ұстамастан бұрын дәрігер кеңесін алған жөн – мүфтият

Бас мүфти елдегі мұсылман құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды бұзбауға шақырды

Егде жастағы азаматтар ораза ұстамастан бұрын дәрігер кеңесін алған жөн – мүфтият
Muftyat.kz

Биыл Қазақстанда Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Бұл туралы еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы астанада өткен баспасөз мәжілісінде айтты. Ол мұндай шешімді Орталық Азия мүфтилерімен кеңесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәжиесіне сүйене қабылдағанын мәлімдеді.

Сәйкесінше, 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні. 13 мамыр – Ораза айттың бірінші күні. Алла қаласа, биыл 30 күн ораза ұстаймыз. Осы жылғы пітір садақа мөлшері жан басына 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақа мөлшері барлық облыстағы 2 келі ұнның ең төменгі бағасымен өлшенді.

Бас мүфти пандмияға байланысты ауызашар мен өзге де рәсімдерді санитарлық талаптарға сай жүзеге асыруға шақырды.

«Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық, Алланың адамзатқа берген аманаты. Осы орайда жасы алпыстан асқан аға-апаларымды ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің тиісті кеңесін алуға шақырамын. Егде жастағы және балиғатқа толмаған азаматтардан күрделі ахуал тұрақталғанша мешітке бармай, құлшылықты үйде орындауын сұраймыз», - деді ҚМДБ төрағасы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде жүргізуді жалғастырады. Құран хатым жасау рәсімдері де қашықтан оқылады.

Серіктес жаңалықтары