Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 20 қазақстандық қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда 30 мыңға жуық науқас коронавирустан ем алып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Қазақстанда 15 адам коронавирус инфекциясынан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған 2 586 адам тіркелді. Қазір 29 655 адам (28 794 КВИ+ и 861 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның 10 828-і - стационарда. 18 827 науқас үйінде ем алып жатыр.

522 науқастың жағдайы - ауыр, 151 науқастың жағдайы - аса ауыр, 87 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Үкімет басшысы Асқар Мамин 2021 жылдың қыркүйегінде Қазақстан халқына екпе жүргізу жұмыстары толық аяқталатынын айтты.

Бүгінде коронавирус вакцинасының бірінші компонентін қабылдағандар саны - 217 070, екі компонентін қабылдағандар – 79 541 азамат.