Астаналықтардың жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

«Астана LRT» компаниясы қаладағы ұйымдардың жұмыс уақытын өзгертпекші. 

sputniknews.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлік қозғалығысына жауап беретін «Астана LRT» компаниясы ұйымдардың жұмыс уақытын өзгерту туралы бағдарлама әзірлеп жатыр. Бұл туралы компания әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды. 

«Бағдарламаның мақсаты - қарбалыс уақыттағы көлік санын азайту», - дейді дереккөз. 

Халық үшін пайдасын тигізетін бағдарлама жасау үшін компания сауалнама ұйымдастырып жатыр. Сол сауалнама қорытындысы бойынша, қай сағаттарда және қаланың қай бөлігінде кептелес көп болатыны анықталады. Сол мәселені шешу үшін қаладағы ірі ұйымдардың жұмыс кестесі ауыспақ. 

Сауалнамаға қатысу үшін мына сілтемедегі сұрақтарға жауап беру керек  

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан