Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталады

Автор: Azattyq Rýhy

8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні

Елордада бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісі өтті.

Мәжілісте 8 мәселе қаралды. Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы Рамазан айының басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері жайлы баяндады. Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.

Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.