ПТР-анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 31 наурызда Ташкент қаласынан Алматыға ұшып келген

көрнекі фото

1 сәуірде Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Украина, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 37 халықаралық әуе рейсімен 4 685 жолаушы келді.

Олардың ішінде 4 675 адамда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, қалған 10 ҚР азаматы тиісті анықтамасыз келген.

  • Алматы әуежайына – 17 рейс (2 324 жолаушы, анықтамамен - 2314, анықтамасыз – 10);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 10 рейс (барлық 1 293 жолаушы анықтамамен келген);
  • Шымкент әуежайына – 9 рейс (1 009 жолаушы анықтамамен келген);
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (барлық 59 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 31 наурызда шетелден анықтамасыз келген 29 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсеткен.

Айта кететін бір жайт, 31 наурызда Ташкент – Алматы әуе рейсімен ПТР-анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.