Қазақстанда «қызыл» және «сары» аймаққа енген өңірлердің қатары көбейді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан Республикасы «қызыл» аймақта

Коллаж

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

2 сәуірдегі жағдай бойынша, «қызыл» аймаққа бес өңір енді: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта. Ал Қазақстан кеше әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.