$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2021, 15:43
Қоғам

Қазақстанда 25 педофил химиялық кастрация үкімімен сотталды

Елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарында химиялық кастрация туралы заң күшіне енді 

Қазақстанда 25 педофил химиялық кастрация үкімімен сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жазасын өтеп жатқан 25 тұтқынға химиялық кастрация үкімі тағайындалды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бүгінгі таңда қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде 25 сотталған жазасын өтеп жатыр, оларға сот үкімімен химиялық кастрация түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы тағайындалды», - деді Алексей Милюк. 

2018 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда химиялық кастрация туралы заң күшіне енді. Химиялық кастрация ерлер гормоны - тестостерон әсерін тежейтін препараттардың көмегімен жүзеге асырылады. Бұл процесс нәтижесінде жыныстық құмарлық сезімі толығымен басылады. 
Айта кетерлігі, химиялық кастрация әсері өмір бойы қайтымсыз емес. Препаратты қабылдау кезеңінде ғана ер адамның жыныстық құмарлық сезімі уақытша жойылады. Әдетте дәрі-дәрмектер арқылы жасалатын инъекция үш айда бір рет жасалуы керек. Егер процедура тоқтатылса, ерлердің құмарлық сезімі мен жыныстық функциялары қалпына келтіріледі. Бұл педофилдің балаларды қайтадан қорлай бастауы мүмкін дегенді білдіреді.

Серіктес жаңалықтары