Ол 26 наурызда Душанбеден ұшып келген
31 наурызда Қазақстан аумағына БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Грузия, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 42 халықаралық әуе рейсімен 5 164 жолаушы келді. Олардың ішінде 5 135 адамда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама болса, қалған 29 ҚР азаматы тиісті анықтамасыз келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 30 наурызда шетелден анықтамасыз келген 15 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсеткен.
Айта кететін бір жайт, 26 наурызда Душанбе – Алматы әуе рейсімен ПТР-анықтамасыз ұшып келген Тәжікстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.