Қазақстанда коронавирус вакцинасының екі компонентін қабылдағандар саны 40 мыңға жуықтады

Автор: Azattyq Rýhy

1 компонентін қабылдағандардың жалпы саны - 134 841 адам

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия КВИ-ға қарсы вакцинациялау жайында ақпарат берді.

31 наурыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус вакцинасының 1 компонентін қабылдағандардың жалпы саны - 134 841 адам. Ал, вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны - 38 588 адам.

Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуір айында Қазақстанда 1 миллионннан астам азаматқа коронавирус вакцинасын салу жоспарланып отырғанын айтты.

Әзірге вакцина алған жандар арасында иммундаудан кейін қолайсыз жағдай тіркелген жоқ.