30 наурыздағы бағалау матрицасы жарияланды
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
29 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта - Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.
Бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта тұр.